ІС ЖҮРГІЗУ

ІС ЖҮРГІЗУ

Іс жүргізу талап қоюшының Соттың тіркеу бөліміне Талап нысанын және оған қоса берілетін құжаттарды тапсыруынан басталады. Тараптарға құжаттарды Соттың eJustice электрондық жүйесі арқылы тіркеуге жолдау ұсынылады, себебі бұл тиімділікті арттырады, дегенмен құжаттарды электрондық пошта арқылы немесе тікелей тіркеу бөліміне тапсыру да мүмкін.

Талап қоюшы Талап нысанын және оған тіркелген құжаттарды жауапкерге (жауапкерлерге) ресми түрде табыс етуі тиіс. Құжаттарды алғаннан кейін жауапкерге қорғану жауабын немесе жауап беру үшін 28 күн уақыт беріледі. Егер талап сомасы 150 000 АҚШ долларынан аз болса, іс шағын талаптарға жатқызылып, АХҚО-ның Шағын талаптар сотында қаралады және мұндай жағдайда жауапкерге жауап беру үшін 14 күн беріледі. Бұдан кейін талап қоюшы Жауапқа жауапты (Reply) тіркеп, табыстай алады.

Іс әдетте Сот судьясының тараптарға нұсқау беруі үшін бейнеконференция форматында өтетін іс жүргізуді басқару конференциясы немесе тыңдалым арқылы қаралады. Мұндай конференция барысында судья төмендегі мәселелер бойынша нұсқау береді: ақпаратты ашу (disclosure), куәлардың қатысу тәртібі, сот отырысын ұйымдастыру, сот күні мен уақыты, қажет деп танылған қосымша құжаттарды дайындау және сот материалдарын жинақтау (trial bundle).

Жоғарыда аталған сотқа дейінгі процестер аяқталғаннан кейін іс бейнебайланыс арқылы немесе көзбе-көз сот отырысында қаралады, бірақ егер судья іс материалдарын қарап, мұндай тыңдалымды қажетсіз деп тапса, ол істі құжаттар негізінде қарастырып, шешім шығара алады.

Алғашқы сатындағы Сот судьясының шешіміне шағымданғысы келетін тарап ең алдымен шағымдануға рұқсат алуға өтініш беруі тиіс. Мұндай өтініш бір судьямен қаралады. Егер шағымдануға рұқсат берілсе, Апелляциялық сотқа шағым беруге болады. Апелляциялық істі бастапқы шешімді шығармаған үш судьядан тұратын алқа қарайды.