АХҚО Сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Опубликовано: 3 ноября, 2023 в 8:01 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мэлдон Лорды Бернетті АХҚО Сотының төрағасы етіп тағайындады. Лорд Бернетт 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 қазанға дейін АХҚО Cотына төрағалық еткен құрметті Лорд Манстың орнын басты.

Лорд Бернетт 2017 жылдан бастап 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Англия мен Уэльс Жоғарғы Сотының Бас судьясы қызметін атқарды. Ол Оксфорд университетінің Пемброк-колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алып, 1980 жылы Англия мен Уэльстің адвокаттар алқасына жұмысқа шақырылды. Жоғары дәрежелі адвокат (барристер) ретінде қызмет атқарып, 2003 жылдан бастап аталған ұйымды басқарды. 1992 жылдан бастап Тәждің кіші заң кеңесшісі, 1998 жылдан бері – Патшалық заң кеңесшісі (King`s Counsel) қызметін атқарады. Адвокаттар алқасындағы заңгерлік тәжірибесінен басқа, ол ерекше маңызды істер бойынша кеңесші қызметін атқарды. Соның ішінде 1997 жылы орын алған Уэльс ханшайымы Диана мен Доди Файедтің өлімін тергеді.

Лорд Бернетт 2008 жылы судья, 2011 жылдан 2014 жылға дейін Англия Батыс округінің төрағалық судьясы ретінде қызмет атқарды. 2014 жылы Апелляциялық сотқа тағайындалды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін судьяларды тағайындау жөніндегі Тәуелсіз комиссия төрағасының орынбасары болды. 2017 жылдың шілдесінде Лорд Бернетт 59 жасында 1958 жылдан бері қызметке тағайындалған ең жас Лорд-Бас судья болып, Англия мен Уэльстің барлық соттарына төрағалық етті.

Лорд Бернетт Ұлыбританияда және бүкіл әлемде мінсіз беделге ие. Оның АХҚО Сотына Сот Төрағасы болып тағайындалуы АХҚО Соты мен АХҚО үшін маңызды жетістік болып табылады.

АХҚО Соты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап істеп, Лорд Манс төрағалық еткен кезеңде қаралған істердің саны мен қалыптасқан беделі бойынша ұқсас коммерциялық соттардан едәуір озды. 2023 жылдың 2 қарашасына қарай АХҚО Соты 87 шешім шығарды. Олар АХҚО Сотының сайтында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді. АХҚО Сотының барлық шешімдері Қазақстан соттарының қатысуынсыз АХҚО Соты әзірлеген сатылы рәсімдерді қолдану арқылы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 100%-ға орындалды.

Сот ісінде талап етілген ең үлкен сома 330 миллион АҚШ долларын құрады. Бүгінде тіркеліп жатқан сомасы бірнеше миллион АҚШ долларына тең сот істердің саны көбеюде. Қазақстанда бизнес жүргізетін 27 елдің инвесторлары, соның ішінде Еуразия елдері, Қытай, БАӘ және Үндістан сияқты Қазақстанның негізгі сауда серіктестері коммерциялық дауларды шешу алаңы ретінде АХҚО Сотын таңдайды. Ірі инвесторлар, соның ішінде Chevron, Shell, NCOC және Caterpillar жаһандық корпорациялары 7500-ден аса шарттарына АХҚО Сотын дау шешетін ұйым ретінде қосқан. Алты құрлықтың 30 елінен (32 юрисдикция) 551 заңгер АХҚО Сотында клиенттердің мүдделерін білдіру құқығына ие болу үшін тіркелген. Жергілікті, өңірлік және халықаралық дауларды шешу орталықтарымен өзара түсіністік туралы 73 меморандумға қол қойылды.

АХҚО Сотының Астана мен Алматыда әлемдік деңгейдегі кеңселері бар. АХҚО Сотының отырыс залдары Еуразияның 8 елінде: Арменияда, Әзірбайжанда, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркияда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ашылды. Істерді әкімшілендіру әлемдік деңгейдегі eJustice электрондық құжат айналымы жүйесімен және бейнежазба арқылы өтетін сот тыңдауларымен заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, кідіріссіз онлайн режимінде жүзеге асырылады.

Лорд Бернетт өз сөзінде: «Мен үшін АХҚО Сотының төрағасы лауазымын атқару, осы лауазымда Лорд Манстың, ал оған дейін Лорд Вульфтың орнын басу үлкен мәртебе. АХҚО Соты тәуелсіз сот төрелігі және бизнес пен инвестицияларды дамыту үшін сенімді негізді қамтамасыз ете отырып, заң үстемдігі қағидатын қатаң сақтаудың арқасында әлемде танылған беделге ие. АХҚО Соты Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Еуразияның бүкіл өңірі үшін де ерекше маңызға ие. Мен Қазақстан басшылығының АХҚО Соты мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілетудегі көрегендігімен келісемін және екі институттың да үздік нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыратынына сенімдімін. Мен алдымдағылардың ізімен жүріп, АХҚО Сотының одан әрі табысты болуына үлес қосуға тырысамын», — деді.

Лорд Манс өз кезегінде: «Мен Қазақстан Республикасының басшылығына көрсеткен сенімі үшін ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, соңғы төрт жылда АХҚО Соты ұжымының атқарған жұмысымен мақтанамын. АХҚО Соты Еуразиядағы бірегей ұйым. Қысқа уақыт ішінде ұқсас коммерциялық соттарының көрсеткіштерінен едәуір асып түсетін көлем, бейін мен бедел қалыптастырды. Сот сайтында қаралған және орындалған даулардың ауқымы мен тереңдігін көруге болады. Қазақстандағы және Еуразияның басқа елдеріндегі инвесторлар коммерциялық құқық саласындағы жоғары халықаралық стандарттарға және заң үстемдігі қағидатын қатаң сақтауға негізделген соттан тек тәуелсіз және бейтарап сот төрелігін күтуге болатынына сенеді. Лорд Бернеттен АХҚО Сотының қызметін одан әрі жалғастыруын асыға күтемін және АХҚО-ның барлық ұжымына ізгі тілектерімді білдіремін», — атап өтті.

Іс-шара шеңберінде АХҚО Сотында бірқатар басқа да тағайындаулар болды. Атап айтқанда, судья Том Монтегю-Смит К.С. АХҚО Ұсақ даулар сотынан АХҚО Бірінші инстанциядағы сотына ауысты. Джозефина Хиггс К.С. және Сайма Ханиф К.К. АХҚО Ұсақ даулар сотының судьялары болып тағайындалды.

 

Анықтама үшін:

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік  процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұсақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын  қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына   юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. aifc.kz

АХҚО Соты мен ХТО 2100-ден аса істі қарады және орындады

Опубликовано: 7 июня, 2023 в 2:56 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталықтың (ХТО) қызметі өскелең қарқынмен дамуы жалғасып келеді. Олардың қызметтерін пайдаланушылардың пікірінше, қазіргі уақытта олар халықаралық коммерциялық дауларды тәуелсіз және бейтарап түрде шешетін институттар арасында Еуразияда бірінші орында тұр, сонымен бірге құқық үстемдігінің ең жоғары халықаралық стандарттары қолданылады.

2023 жылғы 7 маусымға қарай АХҚО Соты мен ХТО 2174 істі, соның ішінде АХҚО Сотының 64 шешімін, 415 төрелік шешімді және медиация туралы 1695 келісімді қарады және орындады. 2023 жылы істер көлемі көбейді: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 533 іс аяқталды және орындалды, бұл 2018 жылғы 1 қаңтарда жұмыс басталған сәттен бергі қаралған істердің жалпы санының 24,5% -ын құрайды.

Істердің жалпы санының 97,7%-ында тараптар өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырғанын және «келісім» негізінде АХҚО Сотына және ХТО-ға жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасын 97,5% жағдайда, АХҚО заңнамасын 2,3% жағдайда, сондай-ақ басқа да юрисдикциялардың заңнамасын, соның ішінде ағылшын құқығын қолданғанын ерекше атап өткен жөн. Әртүрлі коммерциялық мәселелер қарастырылды, олар шарттар (әдетте, төлем жасамау және басқа да шарттық міндеттемелерді орындамау) (43,8%), құрылыс (15,8%), жұмысқа орналастыру (15%), корпоративтік мәселелер (10,5%), көлік (6%), жылжымайтын мүлік (4%), логистика (3%) және МЖӘ (2%) сияқты салаларды қамтыды.

Істер бойынша мәлімделген ең жоғары сома 330 миллион АҚШ долларын құрады. Істердің көп бөлігі бірнеше миллион АҚШ долларына қатысты кінәрат-талаптарды қамтыды. 48% жағдайда Қазақстанда бизнесі бар шетелдік инвестор туралы сөз болды және іс бойынша тараптар 23 мемлекеттің, соның ішінде Еуразия елдерінің көпшілігінің және Қытай, БАӘ және Үндістан сияқты Қазақстанның басқа да негізгі сауда әріптестерінің өкілдері болды.

ХТО төрелік соты тағайындаған төрешілердің 75%-ы әйелдер болды. АХҚО Cоты мен ХТО қызметкерлерінің 80%-ы да әйелдер болды, бұл «АХҚО Cоты мен ХТО-ның гендерлік әртүрлілігін қамтамасыз ету бастамасы» қолдау тауып отырғанын көрсетеді.

6 континенттегі 30 елден (32 юрисдикция) 500 заңгер АХҚО Cотында тараптардың мүдделерін сотта қорғау құқығымен тіркелген.

АХҚО Соты мен ХТО-ның маңыздылығын, сондай-ақ инвесторларға олардың заңды құқықтарын Қазақстанға инвестициялау туралы шешім қабылдау кезінде қорғау үшін беретін кепілдіктерін инвесторлардың мойындауы арта түсуде.

2023 жылғы 7 маусымда өткен «Astana Finance Days 2023» конференциясы барысында АХҚО Соты мен ХТО өз пайдаланушыларымен өзара ықпалдасуды кеңейтуге, сондай-ақ коммерциялық дауларды реттеу және инвестициялар тарту орталығы ретінде Қазақстанның тартымдылығын үздіксіз арттыруға өз үлесін молайтуға бағытталған үш жаңа бастаманы іске қосты:

  1. Еуразияда АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметін кеңейту бастамасы: Еуразияның 8 елінде: Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанда жаңа кеңселер ашу. Олар халықаралық стандарттарға сай келетін Астана мен Алматыда (Қазақстан) жұмыс істеп жатқан кеңселерді толықтырады. Қазақстанда іскерлік қызметін жүзеге асыратын инвесторлар коммерциялық дауларды шешу үшін АХҚО Соты мен ХТО қызметтерін алуға осындай кеңселерге жүгіне алады.
  2. IAC Chambers: IACA, төрелік орталықтардың жаһандық альянсымен бірлесіп, АХҚО Соты мен ХТО базасында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша бірегей алаң құру. Дауларды реттеу үшін тыңдаулар өткізуге арналған ең жақсы құралдары, сондай-ақ тыңдаулар өткізуге және көмекші қызметтер көрсетуге арналған цифрлық шешімдердің толық жиынтығы бар интеграцияланған кешен құрылды. Еуразияда бірегей болып табылатын IAC Chambers физикалық, гибридті немесе виртуалды құралдар арқылы бірнеше юрисдикцияларда күрделі көпжақты тыңдауларды 24/7 режимінде бүкіл әлем бойынша қолдау мүмкіндіктеріне ие.
  3. АХҚО Соты мен ХТО-ның оқу орталығы: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін әлемдік деңгейдегі дауларды шешу бойынша тренингтер өткізу. Тренингтерді Ұлыбритания, АҚШ және Германияның, жетекші университеттердің, соның ішінде Кембридж университетінің, Калифорния университетінің, Лос-Анджелестің және халықаралық дауларды шешу институттары мен қауымдастықтарының нұсқаушылары жүргізеді. Заңгерлер, төрешілер, медиаторлар мен судьялар үшін ағылшын тілі, дауларды шешу бойынша оқу курстары өткізіледі. Халықаралық тағылымдама бағдарламасы бар, одан 100-ден аса қазақстандық заңгер-студент өтті. ХТО жыл сайын наурыз айында Орталық Азия үшін әлемдегі басты Vis (Вена) Pre Moot конкурсын өткізеді, ал АХҚО Соты жыл сайын қазан айында АХҚО Сотының бас судьялары мен екі судьясының қатысуымен жалпы құқықтың коммерциялық дауын реттеу бойынша өз конкурсын өткізеді. 3000-нан аса қазақстандық заңгер студент, мемлекеттік қызметші, судья мен кәсіпкер АХҚО Сотында және ХТО-да оқудан өтті.

 

Александр Коробейников, «Baker McKenzie» заң фирмасының серіктесі және АХҚО Соты мен ХТО пайдаланушылар комитетінің мүшесі былай деп түсініктеме берді:

«АХҚО Соты мен ХТО-ның істерді қарау статистикасы мен түсіндіру жұмыстары қызметтің осындай әлі де ерте кезеңінде таң қаларлықтай. Біздің клиенттеріміздің іскерлік келісімшарттар жасасу кезінде Еуразиядағы халықаралық дауларды шешудің жетекші институттары ретінде АХҚО Соты мен ХТО-ға сенім білдіруі көбейіп келеді. Істердің 97,7%-ында тараптар АХҚО Соты мен ХТО-ның юрисдикциясын «өзара келісім» («optin») негізінде пайдаланғанын және Қазақстан Республикасының аумағында және жалпы Еуразия аймағында қызметін жүзеге асырғанын ерекше атап өткен жөн. Біздің клиенттеріміз және инвестициялық қоғамдастық АХҚО Соты мен ХТО-ның Қазақстан үшін Еуразияның инвестициялық орталығы ретіндегі маңызын түсінеді. Инвесторлар АХҚО Соты мен ХТО тәуелсіздікке, бейтараптыққа және заң үстемдігінің ең үздік халықаралық стандарттарын қолдануға кепілдік бере отырып, инвесторлардың заңды құқықтарын қорғайтынына сенімді бола алады (және де олардың түсінуі мен сенім артуы арта түсуде). Мұндай кепілдіктер Қазақстанға келетін болашақ инвесторлар үшін жақсы белгі болып табылады».

 

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы былай деп түсініктеме берді:

«Біз инвесторлардың АХҚО Сотына және ХТО-ға коммерциялық дауларды жедел және экономикалық тиімді шешуге мүмкіндік беретін сенімді институттар ретінде сенуі артып келе жатқанына қуаныштымыз. Олар біз әрқашан заң үстемдігінің ең жоғары халықаралық стандарттарын ұстанатынымызға сенімді бола алады. Сот істерінің көлемі айтарлықтай артып келе жатқандықтан, біз инвесторлар арасында, соның ішінде белгілі әлемдік корпорациялар арасында халықаралық стандарттарды сақтай отырып, коммерциялық дауларды тәуелсіз және бейтарап шешу үшін жүгінуге болатын Еуразиядағы орын ретінде беделге ие болудамыз».

 

Анықтама:

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.zuweb.co

 

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

 

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/

 

БАҚ өкілдері үшін: Әсел Тұрманова, Коммуникациялар бөлімінің директоры, АХҚО Соты және ХТО,

тел.: +7 (7172) 64 72 51, email: [email protected]

АХҚО Соты, Халықаралық төрелік орталығы және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті Өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

Опубликовано: 15 ноября, 2022 в 11:19 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты (бұдан әрі – АХҚО Соты) мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) бірінші тараптан және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті (бұдан әрі – ТХВУ) екінші тараптан Өзара түсіністік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Келісім ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейтеді және Ташкент қаласында ашылған Тыңдаулар залын пайдалануға жол ашады.

Келісімге АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт және ХТВУ Ректоры Бахром Миркасимов қол қойды. Келісім коммерциялық даулардың тараптарына Ташкенттегі ТХВУ базасында ашылған халықаралық үлгідегі Отырыстар залында өтетін тыңдауларға қатысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар студенттер үшін АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өтіп, әрі қарай АХҚО-ның резидент-компанияларында жұмысқа тұру мүмкіндігі туып отыр. Студенттер АХҚО Соты мен ХТО-ның білім беру бағдарламаларына қатысатын болады, сол сияқты жыл сайын наурыз және қазан айларында ұйымдастырылатын студенттердің халықаралық байқауларында жарысқа түседі.

Ташкентке сапар шеңберінде АХҚО Соты мен ХТО Өзбекстанның заңгерлік және іскери орта өкілдерімен кездесті, Еуразия аймағында коммерциялық дауларды шешу жөнінде презентация өткізілді, АХҚО Соты және ХТО ұсынатын қызметтер мен Қазақстанға инвестициялауды қалайтын өзбекстандық бизнес өкілдері үшін қосымша мүмкіндіктер таныстырылды.

АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай деп атап өтті:

«Біз Ташкент Халықаралық Вестминстер Университетімен ынтымақтатығымыздың одан әрі дамуына және осы серіктестіктің арқасында Ташкент қаласындағы қызметіміздің кеңейіп отырғанына қуаныштымыз. ТХВУ Еуразиядағы жетекші университетттердің бірі болып табылады, біз оның студенттердінің АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуын асыға күтеміз. Бұл бағдарламадан осыған дейін басқа университеттердің 70-тен аса студенті өткен болатын. Сонымен қатар біз университеттің толығымен жабдықталған Тыңдаулар залында заңгерлік тыңдау өткізуге дайынбыз және оны өткізу мүмкіндігін күтудеміз. Астанадан тысқарыдағы компаниялар мен инвесторлар үшін біздің дауларды шешу бойынша қызметтерімізді кеңейту осылай жалғасуда».

 

ТХВУ Ректоры, Бахром Миркасимов былай деп атап өтті:

«Біз студенттеріміздің АХҚО оқу үдерістеріне қатысуын жеңілдететін осы келісімге қол қоюға қуаныштымыз. Ол студенттер мен түлектерге АХҚО Сотының және АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының жұмысына қатысу мүмкіндігін береді, онда ағылшынның жалпы құқығы қолданылатын АХҚО шеңберінде жұмыс істейтін компанияларға одан әрі құқықтық көмек көрсетеді. ТХВУ сонымен қатар студенттер, академиялық орта және заңгерлер арасында АХҚО жұмысы туралы хабардар болуды арттырады және АХҚО іс-шараларын ТХВУ-да өткізеді. Біз болашақ ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз».

 

 

Анықтама:

ТХВУ — Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті – Өзбекстандағы жоғары оқу орны. ТХВУ өз қызметін 2002 жылы бастады. Университеттің бас ғимараты Ташкентте қалалық кампус ішінде орналасқан. Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті сапалы оқу бағдарламаларының арқасында үнемі сарапшылардан жоғары баға алып отырады. Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті Өзбекстандағы ең жас жоғары оқу орындарының бірі болғанына қарамастан, дәстүрлі түрде Өзбекстандағы рейтингте жетекші орынға ие.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.kz

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/