Бұрынғы Судьялар

Лорд Манс (2020–2023)
Бұрынғы АХҚО Сотының Төрағасы

Лорд Манc 1965 жылы Англия мен Уэльстің заңгерлер алқасына қабылданды (Миддл Темпл) және 1982 жылы корольдік адвокаты болып тағайындалды. 1990 жылы ол Рекордер, ал 1993 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы Сотының, Корольдік Бенч филиалының судьясы болып тағайындалды. 1993 жылы Англия мен Уэльстің апелляциялық сотында лорд-судья болып тағайындалды. 2005 жылы Лордтар палатасындағы Апелляциялық соттың төрағасы болды. 2009 жылы ол және аппеляциялық соттың тағы тоғыз судьямен қатар Біріккен Корольдіктің Жоғарғы Сотының судьялары болып тағайындалды. 2017 жылы ол Ұлыбритания Жоғарғы Сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылы ол зейнетке шығуына байланысты бұл қызметінен кетті. Лорд Манс 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 31 қазанына дейін АХҚО Сотының Төрағасы қызметін атқарды.

Ол коммерциялық және халықаралық сауда, халықаралық жария және жеке құқық, сондай-ақ Еуропалық Одақ құқығында көп жылдық тәжірибеге ие. Ол банктік шағымдар бойынша әр түрлі соттарда төрағалық етті (1992-1993), Еуропалық судьялардың Консультативтік кеңесінің төрағасы (2002-2003), Британдық сақтандыру құқығы қауымдастығының төрағасы (2000-2002), сонымен қатар Еуропалық құқық академиясының қамқоршысы (2003). 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін ол Оксфорд университетіндегі Пэр сотының төрағасы болды, азаматтық құқық бойынша құрметті доктор дәрежесін алды және қазіргі уақытта Университет колледжі мен Вулфсон колледжінің құрметті мүшесі болып табылады.

Құрметті Лорд Вулф CH (2018–2020)
АХҚО Сотының алғашқы Төрағасы және негізін қалаушы

Лорд Вулф – қазіргі Британ заң тарихындағы ең ықпалды судьялардың бірі, сондай-ақ жалпы құқық, сот ісін жүргізу, дауларды шешу және заңгерлік білім беру салаларындағы әлемдік деңгейдегі тұлға. 1955 жылы ол Англия мен Уэльс Адвокаттар алқасына (Inner Temple) қабылданды. 1979 жылы Англия мен Уэльстің Жоғары сотының судьясы болып тағайындалып, кейіннен Англия мен Уэльстің екі ең жоғары сот қызметін атқарды: Апелляциялық соттың Азаматтық бөлімі Төрағасы және Лорд-Жоғарғы судья. Ол Англия мен Уэльс соттарының Төрағасы болған алғашқы Лорд-Жоғарғы судья болды. Сонымен қатар, ол Гонконгтың Жоғарғы апелляциялық сотының тұрақты емес судьясы және Катар қаржы орталығының Азаматтық және коммерциялық сотының алғашқы президенті болды. 

Ол Кембридж университетіндегі Вулф Институтының меценаты. Сонымен қатар, көптеген академиялық институттардан құрметті стипендияларға ие болған. Лондон университетінің колледжінде кеңес төрағасы және шақырылған заң профессоры, Израильдің Ашық университетінің төрағасы, сондай-ақ Жетілдірілген құқықтық зерттеулер институтының төрағасы қызметтерін атқарды. Ол «Де Смит сот шолуы» (2016, Sweet and Maxwell) және «Әділетті іздеу» (2008, OUP) сияқты жетекші құқықтық басылымдардың авторы немесе бірлескен авторы болып табылады. Ол көптеген марапаттарға ие, соның ішінде 2015 жылы Аса Мәртебелі Королева Елизавета II Құрмет орденінің кавалері болып тағайындалды және Гонконгтың Бас атқарушы директорынан Алтын Баухиния жұлдызына лайық деп танылды. Ол Лондон университеттік колледжінде білім алып, 1954 жылы құқық саласындағы бакалавр дәрежесін (LLB) иеленді, ал 1981 жылы аталған оқу орынының ғылыми қызметкері атанды. Сонымен қатар, ол Оксфорд, Кембридж және Лондон университеттік колледжін қоса алғанда, 21 университеттен академиялық марапаттарға ие болған.