Сэр Руперт Джексон FBA

Сэр Руперт Джексон FBA
АХҚО Сотының судьясы

Судья Сэр Руперт Джексон 1972 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына (Мидл-Темпл) қабылданды, 1987 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды. 1999 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотының Корольдік бөлімшеде судьясы болып тағайындалды. 2004 және 2007 жылдар аралығында Техникалық және құрылыс сотының аға судьясы болды. 2008 жылы Апелляциялық сотта Лорд-судья болып тағайындалды.

2009 жылы ол сот шығасыларының мөлшерін тең қалыптастыра отырып, сот төрелігіне жалпы қолжетімділік идеясын ілгерілету мақсатында Англия мен Уэльстің азаматтық сот ісін жүргізудегі сот шығасылары бойынша зерттеу дайындады. Оның қорытынды есебі 2010 жылы жарияланды және оның көптеген ұсынымдары 2013 жылы енгізілді. Ол 1982-1999 жылдар аралығында «Jackson and Powell кәсіби салғырттық туралы» басылымның бірлескен авторы және бас редакторы, кейін кеңесші редактор болды. 2000 жылдан бері «Ақ кітаптың» (Англия мен Уэльстегі азаматтық сот ісін жүргізу бойынша) редакторы болды, ал 2011 жылдан 2017 жылға дейін бас редакторы болды.

Ол Кэмбридж университетінің, Иисус Колледжінде білім алған, онда ол құқық негіздерін зерделеді және 1971 жылы дәреже алды.