Посты с тэгом: AIFC Court

АХҚО Соты мен ХТО-да ағылшын тілін үйрететін CELL орталығы ашылды

Опубликовано: 27 июня, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) базасында Centre for English Language Learning (CELL, Ағылшын тілін үйрену орталығы, бұдан әрі – Орталық) ашылуы өтті. De Montfort University Kazakhstan Университетінің (DMUK) Орталығы DMUK, АХҚО Соты және ХТО арасындағы келешегі зор серіктестік қарым-қатынастардың белгісі болып табылады. Орталық іскерлік ағылшын тілі мен арнайы мақсаттардағы ағылшын тілі (заңгерлер үшін ағылшын тілі және қаржыгерлер үшін ағылшын тілі) курстарына, сол сияқты IELTS-ке дайындық курстарына бағыттала отырып, заңгерлік және қаржы секторы үшін ағылшын тілінде білікті қолдау көрсететін болады. Орталықта Ұлыбританиядан келген оқытушы жұмыс істейді. Сонымен қатар Британиялық кеңеспен Орталықта ағылшын тілін білу бойынша тестілеу, соның ішінде IELTS және Aptis сияқты емтихандар өткізілетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл бастама мен серіктестік Ұлыбритания білім беру мекемелерінің АХҚО Соты мен ХТО-ға құқық, бизнес және қаржы салаларында сапалы халықаралық стандарттар ұсыну мәселелері бойынша қолдау көрсетуге қосып жатқан маңызды үлесін көрсетеді.

АХҚО Соты мен ХТО өз қызметін 2018 жылғы 1 қаңтарда бастады және бүгінгі таңда 20 елдің, соның ішінде Ресей мен Еуразия өңірінің, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания және ЕО компаниялары мен инвесторларының қатысуымен 1099 коммерциялық дауды сәтті шешті. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында АХҚО Соты мен ХТО 152 іс бойынша шешім шығарды. Осы уақыт ішінде АХҚО Соты бүкіл 2021 жылдағыдан көп істі қараған. АХҚО Соты мен ХТО қаралу процесіндегі ірі істер бойынша жұмыс атқаруын жалғастыруда.

Даулар қаржы, құрылыс, сатып алу-сату және қызмет көрсету шарттарын, сонымен қатар еңбек қатынастарын қоса, коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең ауқымына қатысты. Сот қаулылары мен төрелік шешімдердің барлығы ұлттық соттар тартылмай, АХҚО Соты мен атқарушы органдардың арасындағы тікелей қатынастарда қолданылатын арнайы кезеңдік процедура пайдаланылып, тараптардың толық қанағаттануымен Қазақстан Республикасының аумағында орындалды.

АХҚО Соты мен ХТО-ның халықаралық мойындалуы 40-тан аса халықаралық серіктестермен жасалған дауларды шешу жөніндегі келісімдермен расталған. АХҚО Соты мен ХТО ескертпелері жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 6000-нан аса коммерциялық келісімшарттарға енгізілген. АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды шешу бойынша халықаралық стандарттармен жұмыс атқаратын Еуразиядағы ең сенімді институтқа айналды.

Тіркеуші және АХҚО Соты мен ХТО аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп түсінік берді:

«Біз Қазақстандағы алғашқы британиялық университет DMUK-мен және Британиялық кеңеспен ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету үшін, сол сияқты Нұр-Сұлтан қ. АХҚО Соты мен ХТО базасындағы жаңа Орталықта тестілеу өткізу үшін ынтымақтасуға қуаныштымыз. АХҚО Соты мен ХТО-да даулардың тараптары кез келген тілде сөйлей алады, бірақ халықаралық дауларды шешу жағдайларының саны өсіп отырғандықтан, ағылшын тілі барған сайын жиірек пайдаланылады деп күтілуде. АХҚО Соты мен ХТО базасындағы ағылшын тілін DMUK-мен бірге үйренудің жаңа Орталығы ағылшын тілін оқыту бойынша Еуразияда көш бастайтын болады деп күтілуде және біз ол АХҚО-ның іскерлік тәжірибесінде және жалпы Қазақстанда дауларды шешу үшін ағылшын тілін меңгеру машықтарын дамытуға елеулі үлес қосады деп санаймыз».

 

De Montfort University Kazakhstan Университетінің Ағылшын тілін үйрену орталығының директоры Саймон Этертон мырза былай деп мәлімдеді:

«De Montfort University Kazakhstan Университетінде біз Нұр-Сұлтан қ. АХҚО Соты мен ХТО-ның дәл өзінде ағылшын тілін үйрену бойынша жаңа Орталықтың негізін қалаушы болғанымызға қуаныштымыз және бизнес, қаржы мен юриспруденция саласында ағылшын тілін қолдауда және ілгерілетуде осы бастама ұсынып отырған мүмкіндіктердің барлығын асқан ынтамен қарастырудамыз. Біз сонымен қатар біздің барлық курстарымыз бен Орталықта оқып жатқан клиенттеріміз үшін ағылшын тілінің деңгейін бағалауды қамтамасыз ету бойынша Британиялық кеңеспен маңызды серіктестіктің жалғасуына да қуаныштымыз».

 

Қазақстандағы Британиялық кеңестің өңірлік директоры Эрик Лори былай деп түсініктеме жасады:

«Британиялық кеңес Орталықтың курстары мен клиенттері үшін ағылшын тілінің деңгейін бағалау қызметтерін көрсете бастауды асыға күтуде, сонымен қатар сапалы британиялық білім саласында DMU Қазақстанмен, АХҚО Сотымен және ХТО-мен серіктестігіміздің одан әрі нығаюына қуанышты».

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.kz

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/

De Montfort University Kazakhstan (DMU) Университеті EdPeritus UK және De Montfort University Университеті (Лестер, Ұлыбритания) серіктестігі болып табылады. DMU Kazakhstan-ның барлық оқу курстарын De Montfort University Университеті әзірлеген, ол бұл бағдарламалардың сапасы мен дәлдігін, оқытудың сапасын және барлық студенттер үшін теңдік қағидатын қамтамасыз етеді. DMU Kazakhstan-да оқуды сәтті аяқтағаннан кейін түлектер De Montfort University Университетінің дипломын алады. https://dmuk.edu.kz/

АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылғы жұмыс нәтижелерін және алдағы жоспарларын таныстырды

Опубликовано: 29 декабря, 2021 в 1:32 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

2018 жылғы 1 қаңтарда өз қызметін бастағаннан бері АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) сот шешімдерінен, төрелік шешімдер мен медиация туралы келісімдерден тұратын 900-дан аса іс қарады. Бұл халықаралық қаржылық орталықтағы дауларды шешу жөніндегі, небәрі төрт жыл жұмыс атқарып отырған мекеме үшін теңдессіз нәтиже болып табалады.

Қаралған даулар қаржы, құрылыс, сату және көрсетілетін қызметтерге арналған келісімшарттар, сонымен қатар жұмыспен қамту кіретін коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең аясына қатысты болды. Дауларға қолданылатын заңнамаға АХҚО заңы мен Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасы жатады. Сот шешімдері мен төрелік шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында, ұлттық соттардың қатысуынсыз тікелей АХҚО Соты мен атқарушы органдардың арасында жұмыс істейтін құқық қорғау бойынша АХҚО Сотының арнайы қадамдық процедурасы пайдаланылып, тараптарды 100% қанағаттандырумен орындалды.

АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылы елеулі түрде халықаралық мойындалды. Істердің тараптары 19 елден, соның ішінде көбі ТМД елдерінен, сонымен қатар Қытай мен Үндістанды қоса, Қазақстан Республикасының сауда бойынша негізгі серіктестері және АХҚО Соты мен ХТО «Белдеу мен жол» бастамасының шеңберінде «Бір белдеу және бір жол» Бастамасының 15 елі болды. АХҚО Соты мен ХТО-ның Дауларды типтік шешу туралы ережелері «Шеврон Тенгизшевройл» мен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани НВ» (НКОК) компаниясын қоса, сала көшбасшылары жасасқан жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 5700-ден аса сауда мәмілелеріне енгізілді. 29 юрисдикцияның (27 ел) 326 заңгері АХҚО Сотындағы істерде клиенттерінің мүдделерін білдіру мүмкіндігіне ие болуы үшін сотта сөз сөйлеу құқықтары бойынша АХҚО Сотына қосылды.

АХҚО Соты құрамына 40-тан аса юрисдикцияның сот төрағалары мен жоғары соттар тіркеушілері кіретін жыл сайынғы Коммерциялық соттардың тұрақты халықаралық форумына қатысты.

АХҚО Соты мен ХТО өздерінің кеңейтілген жарнамалық науқаны шеңберінде жергілікті, өңірлік және жаһандық, соның ішінде АХҚО мен ХТО-ның Азия мен Еуропадағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша негізгі серіктестері қатысқан конференцияларда 60-тан аса жетекші баяндама жасады. Сол сияқты 17 елден 22 команда қатысқан бірінші жыл сайынғы студенттік IAC-Vis Central Asia Pre-Moot жарыстары мен ХТО төрағасы, Барбара Доманның QC төрағалық етуімен финалы өткізілді. Бұдан басқа, АХҚО Соты мен ХТО-ның төртінші жыл сайынғы студенттік жарысы мен оның финалы өтті, онда АХҚО Сотының үш аға судьясы төрағалық етті, ал АХҚО Сотының төрағасы Лорд Манс кіріспе сөз сөйледі.

АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Қазақстан Республикасында бірде-бір сот жоя алмайтын түпкілікті шешімдер қабылдайтын тәуелсіз өзін-өзі басқаратын мекемелер ретінде өздерінің тығыз ынтымақтастығын жалғастырды. Ынтымақтастыққа тұрақты кездесулер, дәрістер мен оқыту вебинарлары кірді. Коммерциялық даулардың Қазақстан Республикасының ұлттық соттарынан АХҚО Соты мен ХТО-ға дау тараптарының жазбаша келісімімен тез және экономикалық тиімді берілуін қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот және АХҚО Соты мен ХТО арасында келісілген Істерді беру схемасын ерекше атап өткен жөн. Бір істі АХҚО Сотының төрағасы Лорд Манс қабылдап, бұл іс қазіргі уақытта АХҚО Сотының судьясының қаралуында.

АХҚО Сотымен және ХТО пайдаланушыларының қоғамдастығымен өзара ықпалдасу Пайдаланушылар комитетінің 15-тен аса заңгерлік фирма мен басқа да ұйымдардың аға серіктестерінің өкілдері қатысқан үш отырысымен, дауларды шешу бойынша кеңейтілген вебинарлармен және 1000-нан аса адам қатысқан оқу бағдарламаларымен, сол сияқты 20 заңгер студент үшін құрылымдалған тағылымдамамен жалғасты.

АХҚО Соты мен ХТО өздерінің 2025 жылға арналған стратегиясын, сонымен қатар АХҚО Соты мен ХТК-ның одан әрі даму, жаһандық элиталық мәртебеге қол жеткізу жоспарларын әзірледі. Жоспарларда тұрақтылық, өсу және танылу сияқты аспектілерге баса назар шоғырландырылған. Ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу жоспарларының шеңберінде АХҚО Сотының барлық судьялары, сонымен қатар АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза АХҚО Сотының әлемдік сыныптағы тәуелсіз және әділ коммерциялық сот ретінде ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ете отырып, АХҚО Сотындағы өз функцияларын атқаруды тағы бес жыл жалғастыруға міндеттенді.

ХТО-ның ұзақмерзімді келешегін қамтамасыз ету үшін, Кристофер Кэмпбелл-Холт мырзаның АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат жетекшісі ретінде жұмыс атқаруымен қатар, Томас Крюммель мырза 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ХТО аппаратының жаңа Төрағасы ретінде тағайындалды. Крюммель мырза ХТО Төрешілер алқасының мүшесі болып табылады және оның Еуропада, әсіресе өзі Берлиндегі «Meyer-Koering» заңгерлік фирмасының серіктесі болып табылатын Германияда коммерциялық дауларды шешу бойынша нақты тәжірибесі және құқық саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде халықаралық төрелік пен медиация бойынша көпжылдық тәжірибесі бар. Ол көптеген заңгерлік комитеттердің мүшесі және Германиядағы Бонн және Уэльстегі Гламорган Университетінің заңгерлік дәрежелеріне ие. Ол француз ұлттық «Chevalier dans l’ordre national du mérite» сыйлығының иегері. Оның 2023 жылдан бастап ХТО төрағасы лауазымына тағайындалуы ХТО-ның әлемдік деңгейдегі халықаралық төрелік орталық ретінде беделін арттыруға мүмкіндік береді. ХТО-ны құруда және оның Еуразияда төрелік және делдалдық даулар үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде дамуында маңызды рөл атқарған ХТО-ның алғашқы төрағасы Барбара Доманн QC өзінің төрағалық лауазымынан 2022 жылғы 31 желтоқсанда кететін болады.

Лорд Манс, АХҚО Сотының төрағасы, былай деп түсіндірді:

«АХҚО Соты жұмысының төртінші жылы аяқталғалы отырғандықтан, оның қолданыстағы коммерциялық сотқа айналғанына мен қуаныштымын. АХҚО Соты 21 шешім шығарды және коммерциялық саладағы бірқатар шарттық дауларды қоса, тұрақты сот жұмысын жүргізуде. Пандемияға қарамастан, АХҚО Соты қашықтан өткізілген тыңдаулармен шектелмегеніне мен әсіресе қуанамын, жуырда Қазақстан Республикасында, Нұр-Сұлтан қаласында өзінің әлемдік сыныпқа жататын залында бірінші ісін қарады. Бірінші іс тараптардың келісімімен жергілікті соттан АХҚО сотына жіберілген және соңғысы қараған жолдау рәсімін құптаймын. Мен сонымен қатар Соттың барлық басқа Судьяларына, сол сияқты Соттың тіркеушісі және аппарат басшысына АХҚО Сотында өз функцияларын тағы бес жыл атқару бейілдері үшін алғысымды білдіремін. Халықаралық инвесторлар АХҚО Соты орнатқан әлемдік деңгейдегі әділ сот стандарттары келешекте кепілдендірілгеніне сенімді бола алады».

 

Барбара Доманн QC, ХТО төрағасы, былай деп мәлімдеді:

«2021 жыл ХТО үшін тағы бір айтарлықтай сәтті жыл болды. Жаңа орталық бойынша оның жұмысының қазіргі кезеңінде қабылданған төрелік шешімдер мен медиация туралы келісімдер саны бізде бұрын-соңды мұнша болмаған. Біз бүкіл әлемнің төрешілерімен, медиаторларымен және ADR серіктес мекемелерімен табысты ынтымақтастып жұмыс істедік. ХТО төрелік пен медиацияның ағымдағы мәселелері бойынша көптеген вебинар мен оқу бағдарламаларын өткізді және жалпы алғанда Еуразияда төрелік пен медиацияның дамуына ықпал етті. ХТО-ның әлемдік деңгейдегі тәуелсіз төрелік және делдал мекеме ретіндегі ұзақмерзімді келешегіне инвесторлар сенімді бола алады. ХТО Төрешілер алқасының мүшесі және Германия, Берлиндегі «Meyer-Koering» заңгерлік фирмасының серіктесі Томас Крюммель мырзаның тағайындалуымен сабақтастық қамтамасыз етіліп отыр. Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап менің орныма келетінін хабарлауға қуаныштымын».

 

АХҚО Басқарушысы д-р Қайрат Келімбетов былай деп түсіндірді:

«АХҚО Соты мен ХТО АХҚО-ны аймақтағы коммерциялық дауларды шешу орталығы ретінде тануда және инвесторлардың АХҚО-ға да, Қазақстанға да сенімін арттыруда маңызды рөл атқарды. Осыған байланысты АХҚО Сотының барлық судьяларына, АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі мен аппаратының басшысына жобаға адалдық танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен сондай-ақ Томас Крюммельді 2023 жылдан бастап ХТО төрағасы ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. АХҚО Соты мен ХТО қызметінің ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты айқындығы АХҚО мен оның инвестициялық ахуалына оң әсер ететініне сенімдімін».

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде бекітілді. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

АХҚО Соты тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Ағылшын жалпы құқығы мен халықаралық озық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін атқаруда тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанция соты, оған ұсақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше кіреді, және Апелляциялық сот. АХҚО қызметі мен операцияларына байланысты туындайтын дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие және АХҚО Сотының юрисдикциясын беруге жазбаша түрде тараптардың барлығы келісетін басқа даулар жағдайларындағы юрисдикцияға ие. Ол қандай да бір қылмыстық немесе әкімшілік дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Іс жүргізудің ең заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Халықаралық үздік іс-тәжірибе үлгісі бойыша әзірленген өз процессуалдық нормалары бар. Оның мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер көрсету, банк ісі, ислам қаржысы, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларын қоса, коммерциялық құқықта төрелік ету мен медиация бойынша жетекші халықаралық төрешілері бар. https://iac.aifc.kz/

Astana Finance Days 2021 іс-шарасында АХҚО Соты мен ХТО өз нәтижелерімен таныстырды.

Опубликовано: 2 июля, 2021 в 1:54 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметі 2018 жылдың 1 қаңтарында басталды және бүгінгі күнге дейін АХҚО Соты мен ХТО-да 536 іс қаралды, оның ішінде 15 сот шешімі, 39 төрелік шешім және дауларды медиация жолымен реттеу туралы 482 келісім. 2021 жылдың бірінші жартысында АХҚО Соты мен ХТО 201 іс шешті және келесі істерді қарауда. Төрелік істер саны едәуір артты, ал медиация процедуралары санының тұрақты түрде өсіп отыруы жалғасты, бұл істі төрелікте немесе сот тәртібімен одан әрі қарау қажеттігін азайтты.

Істерге Қазақстанның 12 өңірінен және Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Канада, Италия, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Польша, Армения және Белоруссияны қоса, 14 елдің тараптары қатысты.

Даулар берешектердің төленбеуі және шарттық міндеттемелердің басқа да бұзылулары, қаржы, құрылыс, энергетика, жер және мүлік мәселелері, еңбек қатынастары бойынша коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең ауқымымен байланысты болды. Істерді қарау барысында АХҚО, Қазақстан және Ресей құқықтары қолданылды.

Барлық даулар eJustice озық цифрлық платформасы мен АХҚО Соты мен ХТО-да бейнетыңдаулар өткізуге арналған технологиялар қолданылып, тез және экономикалық тұрғыдан тиімді түрде шешілді. Сот шешімдері мен төрелік шешімдердің барлығы АХҚО Сотының олардың тиімді орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әзірленген процедурасын пайдаланумен 100% сәтті атқарылды.

АХҚО Сотының халықаралық мойындалуы жалғасын тауып, 281 заңгерге АХҚО Сотында өз клиенттерінің мүдделерін дауларда білдіру құқығы берілді. Олардың ішінде 27 юрисдикция (25 мемлекет), соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа, Орталық Азия, Африка, Азия және Океания заңгерлері бар.

АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов мырзамен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасының жергілікті соттарынан тәуелсіз, сонымен бірге өзара мүдде бар мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықта. Өзара түсіністік туралы меморандумда дау тараптарының жазбаша келісімі бар болған жағдайда коммерциялық және инвестициялық дауларды Қазақстан Республикасының жергілікті соттарынан АХҚО Сотына беру процедурасы қарастырылған. Бұдан басқа, АХҚО Сотының шешімдерін шетелде орындауға қатысты одан әрі қарай көмек көрсету туралы ереже бекітілген.

Қазіргі уақытта коммерциялық келісімшарттардың дауларды шешу туралы ережелеріне АХҚО Соты мен ХТО ескертпелерін қосуға ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторымен және өнеркәсіптің басқа салаларындағы ірі корпорациялармен талқылау жүргізілуде. АХҚО Соты мен ХТО Chevron Tengizchevroil келісімшарттарын қоса, 5000-нан аса коммерциялық келісімшарттар бойынша дауларды шешу үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде енгізілді. АХҚО Соты мен ХТО дауларды шешу үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде көрсетілген шарттар бойынша туындайтын даулар қазіргі уақытта ХТО-ның қарауында.

Пайдаланушылар комитетінің отырыстары, судьялар мен төрешілердің қатысуымен өткен вебинарлар, онлайн-халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу, студенттік ойын соттары және оқу бағдарламалары кірген ілгерілету және қоғамдастықты қатыстыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылды. ХТО 2021 жылғы ақпанда онлайн режимде өткізген IAC-Vis төрелік турнирін ерекше атап өту керек. ХТО Willem C. Vis Халықаралық Комерциялық Төрелік турнирін ұйымдасыру және ілгерілету қауымдастығымен ынтымақтастықта ХТО-Орталық Азия төрелік турнирінің ресми ұйымдастырушысы болып табылады. Турнирге он жеті елден жиырма екі команда қатысты.

АХҚО Соты мен ХТО аппаратының Тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп атап өтті:

“Біз АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды жедел, экономикалық тиімді, сенімді және әрқашан да құқықтың үстемдік етуінің ең жоғары халықаралық стандарттарын қолданыумен шешу үшін қауіпсіз институт ретінде жергілікті, аймақтық және халықаралық іскерлік ортаның сеніміне ие болуы арта түскеніне қуаныштымыз. Дамудың қазіргі сатысында қаралатын істердің саны басқа жалпы құқық соттары мен халықаралық қаржы орталықтарындағы төрелік орталықтардың көрсеткіштерінен едәуір алда болып тұр. Біздің бұл прогресті сақтап, АХҚО Соты мен ХТО инвесторлардың құқықтарын ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес әлі де көптеген жылдар бойы қорғай алуын қамтамасыз ету бойынша жоспарларымыз бар”.

 

 

Анықтама үшін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/kz

АХҚО Соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа ұсақ дау-дамайлар соты кіреді.

АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/

АХҚО халықаралық төрелік орталығы (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз орган болып табылады және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес құрылған.

ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық салаларында және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. https://iac.aifc.kz/