Посты с тэгом: AIFC Court

Қазақстанда Заң қызметтері басшыларының лигасы құрылды

Опубликовано: 6 июня, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Нұр-Сұлтан қаласында Заң қызметтері басшылары лигасының құрылтай отырысы өтті. Лига АХҚО Сотының, Халықаралық төрелік орталықтың және SIGNUM заң фирмасының бастамасы бойынша Қазақстан мен Еуразия елдерінің құқықтық департаменттері мен заң қызметтерінің жетекші басшыларының кездесулерін өткізу, олардың жұмысына және тиісті заңдық және іскерлік тәжірибелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ретінде құрылды. Лигаға қатысушылардың бірінші кездесуіне әртүрлі салалардан, ірі жеке компаниялар мен ұлттық корпорациялардан 20-дан астам заңгер қатысты.

АХҚО Сотының судьялары, сэр Руперт Джексон және Том Монтагю-Смит QC Лиганы құру жөніндегі бастаманы қолдап, бірінші отырысқа құрметті қонақтар ретінде қатысты.

АХҚО Сот аппаратының және Халықаралық төрелік орталықтың тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп түсініктеме берді:

«2018 жылдың қаңтарында іске қосылған сәттен бастап, біз Қазақстандағы және Орталық Азиядағы кәсіби заң қоғамдастығын қолдауға және дамытуға үлес қосуға ұмтылдық. АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталықтың заң білімі бағдарламасы – бұл біздің басым бағдарламаларымыздың бірі және біздің қосқан басты үлесіміз. Біз Заң қызметтері басшыларының лигасын құру шеңберінде заңгерлермен ынтымақтастық мүмкіндігін бағалаймыз».

Signum заң фирмасының басқарушы серіктесі София Жылқайдарова ханым өз сөзінде:

«Заң қызметі басшыларының лигасын құру идеясы бұрыннан қалыптасқан, клиенттерімізбен тығыз жұмыс істей отырып, біз таңдаулы корпоративтік заңгерлер үшін салааралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылай алатын, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығында трендтер қалыптастыра алатын, тәжірибелерімен және білімімен бөлісе алатын белгілі бір платформа құру қажеттілігінің қаншалықты өткір екендігін түсіндік. Біз осы үлкен жобаның бір бөлігі болғанымыза өте қуаныштымыз, ол еліміздің заң қоғамдастығына да, жалпы Қазақстан бизнесіне да көп пайда әкеледі деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ АХҚО мен ХТО Сотына осы бастаманы қолдағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», деп атап өтті.

Бұл бірегей платформа оның қатысушыларына тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді және іскерлік тәжірибенің тиімділігін арттыру үшін инновациялық идеялар мен шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

Анықтама ретінде:

АХҚО.  2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

Сенаторлар АХҚО сотына және Халықаралық төрелік орталығына барды

Опубликовано: 16 апреля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет Төрағасы Георгий Ким мырзаның бастауымен кезекті көшпелі отырысын ЭКСПО-2017 аумағындағы АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) ғимаратында өткізді.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф сенаторларды органның юрисдикциясымен, оның қызметін реттейтін қағидаларымен және регламентімен таныстырды. ХТО Төрағасы Барбара Доманн QC ханым Комитетке дауларды шешудің ХТО алаңында қолжетімді баламалы әдістерін таныстырды. АХҚО Соты мен ХТО шешімдерінің қалай орындалатындығы туралы ақпаратпен АХҚО Соты және ХТО аппаратының Тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза бөлісті. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар АХҚО Сотының төрешілерінің бірі – Сэр Джек Битсонмен танысты.

Отырыс барысында АХҚО Соты және ХТО Сенат Комитетімен бұдан былайғы ынтымақтастық және өзара қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Комитет мүшелерін АХҚО алаңында ағылшындық жалпы құқықты қолдану тәжірибесі ерекше қызықтырды. Отырыс АХҚО Соты мен ХТО заманауи тыңдау залдарын, сонымен қатар дәріс залын барып көрумен аяқталды.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф былай деп түсініктеме берді:

«Біз Қазақстан Республикасы Сенатынан келген құрметті қонақтарды қабылдағанымызға, сонымен қатар олардың АХҚО Соты мен ХТО-на үлкен қызығушылықтары туралы білгенімізге өте қуаныштымыз. Сенаттың түсіністігі және қолдау көрсетуі біздің табысымыздың жалғасты болуы үшін және біздің негізгі міндетімізге – дауларды шешу бойынша Еуразияда бірінші нөмірлі болуымызға қол жеткізуде маңызды роль атқарады».

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталық және Англия мен Уэльс заңгерлер қауымдастығы өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойды

Опубликовано: 4 марта, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

4 наурызда АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Англия және Уэльс заңгерлер қауымдастығымен (Law Society of England and Wales) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Заңгерлердің қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының өз юрисдикцияларында және халықаралық деңгейде заң үстемдігін қамтамасыз етуде және ілгерілетуде стратегиялық серіктесі болып табылады.

Қол қою рәсімі Англия және Уэльс заңгерлері қауымдастығы Адвокаттар кеңесімен (Bar Council), АХҚО және ХТО сотымен бірлесіп ұйымдастырған арнайы семинар шеңберінде өтті. Семинарды Англия және Уэльс Заңгерлері қауымдастығының президенті Кристина Блэклос ашты.

«Біз АХҚО және ХТО сотымен өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қоюға қуаныштымыз. Олар ағылшын ортақ құқығын халықаралық деңгейде ілгерілетуге көмектеседі деп сенімдіміз. Заңгерлер қауымдастығы АХҚО-дағы әріптестерімізбен ағылшын ортақ құқығы саласында тәжірибе және үздікіс-тәжірибелермен алмасуға ниетті. Біз Қазақстандағы заң мамандығы тәуелсіздігімен заң үстемдігін қорғау және нығайту жөніндегі ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Біздің мүшелеріміз халықаралық деңгейде жұмыс істейді, АХҚО біздіңм үшелерімізге өздерінің клиенттерінің мүддесі үшін қазақстандық әріптестерімен ынтымақтасуға мүмкіндік береді», — деді К. Блэклос.

«Мен біздің ынтымақтастығымыз Меморандумның арқасында заң үстемдігін одан әрі дамытуға және Ұлыбританияда, Қазақстанда және халықаралық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесетін болады деп сенімдімін. Меморандум халықаралық заң қызметтерінің маңыздылығын және сондай-ақ біздің Қазақстандағы АХҚО сотын қоса алғанда, соттардағы ең жоғары кәсіби стандарттар менжүріс-тұрыс ұстанымдарына бейімділікті одан әрі баса көрсетеді», — деп атап өтті АХҚО сот төрағасы, Лорд Вульф.

«Біз Заңгерлер қауымдастығымен және оның мүшелерімен белсенді ынтымақтасуға қуаныштымыз. Меморандум біздің өзара түсіністігімізді тереңдетуге көмектеседі және бірлескен жұмысқа үлес қосады, өйткені ХТО Еуразиядағы дауларды баламалы шешу үшін таңдаудың бірінші нөмірі болуға ұмтылады», — деп атап өтті ХТО төрағасы, Барбара Доманн QC.

Семинар шеңберінде Британдық заңгерлер АХҚО және ХТО сотымен, олардың қызметтерін пайдалану тәртібімен, ТМД аймағындағы клиенттер үшін ынтымақтастықтың және жұмыстың болашақ мүмкіндіктерімен танысты.

Заңгерлер қауымдастығы-Англиядан және Уэльстен 180 000 астам адвокаттары бар кәсіби қауымдастық. Ол адвокаттардың құқықтарын ұсынады, алға бастырады және қолдайды. Қауымдастық заң барлығы үшін бірдей және сотәділдігіне барлығының қол жеткізу үшін кепілдігі үшін жұмыс істейді.

Заңгерлер қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының білім беру және ақпараттық қызметіне белсенді қатысатын болады. Кәсіпқойлық пен клиентке қамқорлық жасаудың жоғары стандарттарына сүйене отырып, заң мамандығын дамыту үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер жоспарланған.