Посты с тэгом: AIFC Court

АХҚО және ХТО сотында электрондық сот төрелігі жүйесін іске қосу

Опубликовано: 26 февраля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Бүгін АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Астанада Орталық Азия аймағы үшін бірінші болып табылатын «eJustice» электрондық сот төрелігінің жаңа жүйесін ресми түрде іске қосты. Жүйе АХҚО және ХТО соты өзінің IT-әріптесі, CrimsonLogic сингапурлық компаниясымен бірлесіп әзірленді.

eJustice — бұл онлайн-портал, ол тараптарға АХҚО және ХТО сотына электрондық түрде әлемнің кез келген нүктесінен Астанада физикалық қатысу қажеттілігінсіз талап-арыз беруге мүмкіндік береді. Портал заң құжаттарын электрондық өңдеу және сот ісін жүргізуді әкімшілендірудің барлық үдерісін басқаруға көмек көрсетеді.

Ол бірінші кезекте заңды және іскер топтар үшін АХҚО мен ХТО сотында қолайлылық пен қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, портал төрешілер мен судьяларға қолдау көрсетеді, ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық дауларды тез әрі үнемді шешуді қамтамасыз ете отырып, іс жүргізу мәселелерін шешуге көмектеседі.

Астанада өткен таныстырылымда eJustice электронды сот төрелігі жүйесі жүзден астам Қазақстандық заңгерлер, дипломаттар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды өкілдеріне көрсетілді. Сондай-ақ жүйенің жеке тұсаукесері 27 ақпан күні Алматы қаласында өтеді.

eJustice электрондық сот төрелігі жүйесінің жобасы Қазақстан, Орталық Азия заңгерлерін, сондай-ақ жүйені тестілеу және оның болашақ пайдаланушыларынан түсініктемелер алу үшін халықаралық заң және іскер орталарды тарту арқылы аяқталды.

2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында Астана мен Алматыда 35-тен астам Қазақстандық заңгерлер eJustice жүйесі бойынша тереңдетілген оқытудан өтті. Оқытудын мақсаты АХҚО соты мен ХТО-ның болашақ пайдаланушыларын өз клиенттерінің мүддесі үшін жүйені барынша пайдалануға дайындау болды. Одан әрі оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.

АХҚО сотының төрағасы Лорд Вульф былай деді:

«АХҚО және ХТО соты инновациялық және технологиялық жағынан ілгері болуға ұмтылады. Біз үшін маңызды міндеттердің бірі географиялық кедергілерді еңсеріп, сот төрелігіне қолжетімділікті барынша кеңейте алатын электрондық сот ісін жүргізу жүйесін әзірлеу болды. eJustice электрондық сот өндірісі жүйесін енгізу АХҚО және ХТО соты үшін елеулі жетістік болып табылады және көптеген жылдар бойы осы жүйелердің пайдаланушылары үшін қызмет ететін болады».

Тіркеуші және АХҚО және ХТО сот аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Мырза, түсініктеме берді:

«Біз АХҚО және ХТО сотында дауларды уақтылы және экономикалық тиімді шешуді айтарлықтай жақсартатын eJustice электронды сот төрелігі жүйесін ұсынуға қуаныштымыз. Біз дауларды шешудің ең озық халықаралық стандарттарын енгізуге тырысамыз және eJustice жүйесі — АХҚО мен ХТО сотына Еуразиялық аймақта азаматтық және коммерциялық дауларды шешудің таңдаудың бірінші нөмірі болуға мүмкіндік беретін біздің соңғы жаңалығымыз».

Сингапурлық CrimsonLogic компаниясының бас директоры Со Кен Йи мырзаның айтуынша, eJustice жүйесі Chrysalis әлемдік кластағы заңды өнімін, бүкіл әлемдегі жетекші елдер пайдаланатын стандартты емес функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамалары бар тексерілген қосымшаны пайдалана отырып құрылған.

«Жүйені рекордтық мерзімде енгізу АХҚО-ның CrimsonLogic компаниясымен тамаша ынтымақтастығының дәлелі болып табылады. Біз АХҚО сот ісін жүргізуді жаңғырту жөніндегі бастамасының бір бөлігі болуға өте қуаныштымыз және жаңа жүйе пайдалануға ыңғайлы әрі оңай болатынына сенімдіміз»,-деп қосты Со Кен Йи мырза.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

АХҚО сотының тіркеушісі М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры атанды

Опубликовано: 20 декабря, 2018 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Университеттің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры» атағын алды.

Бұл атақ, сондай-ақ Кэмпбелл-Холт мырзаның АХҚО, АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығының жалпы құқық жүйесінің, Орталық Азиядағы алғашқы осындай құқықтық институттардың қалыптасуына және дамуына қосқан үлесін мойындайды.

Бұдан бұрын «ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры» атағын Орталық Азия көшбасшылары, халықаралық академиялық, саяси, дипломатиялық және бизнес саласының өкілдері алды.

М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев атап өткендей, «Кристофер Кэмпбелл-Холт М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінде заң білімін дамытуға елеулі үлесін қосты. Ол сондай-ақ біздің университетіміздің академиялық қауымдастығының бір бөлігі болды».

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО сот аппаратының басшысы және МАЦ Тіркеушісі былай деп мәлімдеді: «Мен үшін осы университетпен ынтымақтасуға және оның талантты студенттерімен кездесуге үлкен құрмет. АХҚО соты және ХТО болашақ заңгерлерді ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша оқытуға үлес қосу мақсатында ҚАЗГЗУ-мен жақын ынтымақтастықты қуана жалғастырады».

2018 жылы АХҚО соты және ХТО ҚАЗГЗУ университетімен келесі слалар бойынша тығыз байланыста:

2019 жылы АХҚО соты және ХТО ҚАЗГЗУ-мен ынтымақтастықта Қазақстан мен Орталық Азияның құқықтық білімін дамытуға үлес қосу үшін заң білімі мен кәсіптік оқытудың халықаралық бағдарламасын жалғастыруды жоспарлап отыр.Анықтама ретінде:Кристофер Кэмпбелл-Холт Ұлыбританияда, АҚШ-та, Таяу Шығыста және Еуразиялық аймақта жұмыс атқарған кезде алынған көп жылдық заңды тәжірибесіне ие. Ол Лондонның Университеттік колледжінде Этика және құқық орталығын қоса алғанда, бірнеше заң орталықтарының негізін қалаушысы болып табылады. Ол Лорд Вульфтің төрағалығымен Катардағы коммерциялық жалпы құқық сотында Тіркеуші болды. Ол түрлі университеттерде дәрістер оқуды жалғастырады және кеңінен жарияланады. Кристофер Кэмпбелл-Холт 2003 жылы Лондонның университеттік колледжін құқық саласындағы бакалавр дәрежесімен (LLB) бітірді. Ол Дауларды тиімді шешу орталығының (CED) аккредиттелген медиаторы болып табылады.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

АХҚО төрешілері Астанадағы Бірінші жыл сайынғы «Moot Court», ойын сот процесінің сынағын өткізді

Опубликовано: 18 октября, 2018 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Қазақстандық ойын соттық командаларының арасындағы ең күшті екі студенттік командалар: М.С. Нарықбаев атындағы КазГЮУ және КИМЭП Университетінің командалары қатысты.

Барлық процесс Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тілі -ағылшын тілінде өтті. Жеңімпаз КИМЭП Университет арнайы “The AIFC Court & IAC Moot Final Winners Cup” кубокпен марапатталды, сонымен қатар ойын сынағының барлық қатысушылары АХҚО Сотта және Халықаралық арбитраж орталығында тәжірибе алуға мүмкіндік алды.

Moot Court — құқықтанушы студенттер арасында практикалық дағдыларды дамыту мақсатында сот процесі түрінде өткізілетін танымал құқықтық жарыс. Байқауға дайындалу барысында студенттер бұл мәселені талдайды, заңның белгілі бір саласын мұқият зерттейді, талапкердің немесе айыпталушының жазбаша құжаттарын дайындайды, сондай-ақ тәжірибелі төрешілердің алдында сөйлеу дағдыларын жақсартады.

АХҚО Сотының төрешілері — Сэр Робин Джейкоб, зияткерлік меншік құқық бойынша әлемдік сарапшы және Сэр Стивен Ричардс, монополияға қарсы заңнама саласындағы сарапшы, сондай-ақ Халықаралық Құқық Қауымдастығы Төрағасы, Ұлыбритания Жоғарғы Сотының Төрағасының бұрынғы орынбасары Лорд Манс жарыс кезінде төрешілердің рөлін атқарды. Сот ісін жүргізудегі олардың жалпы кәсіби тәжірибесі 90 жылдан асады.

АХҚО Сотының төрешісі — Сэр Робин Джейкоб:

«Мені студенттік командалардың дайындық деңгейі өте таңғалдырды. Олар салыстырмалы қысқа мерзім ішінде күрделі құқықтық мәселелерді зерттеді. Сонымен қатар, қатысушылар ағылшын тілін жақсы меңгергендігін көрсетті. Мен осындай талантты Қазақстандық жастардың ағылшын жалпы құқыққа деген шынайы қызығушылығының және болашақта АХҚО-ның сотында практиканың өтуін қалайтынына қуаныштымын.» деп мәлілдеді.

АХҚО Сотының және Халықаралық Арбитраж орталығынң тіркеушісі және бастығы, Кристофер Кэмпбелл-Холт:

«Moot – бұл біздің биылғы құқықтық білім беру бағдарламасының бір бөлігі ғана. 2018 жыл АХҚО соты және ХАО жұмысының бірінші жылы, біз тәжірибелік негізде құқықтық білім беру бағдарламасын бастадық, осы күнге дейін біз Кембридж университетінің, University College London және тиімді дауды шешу орталығының (CEDR) әлемдік дәрежедегі жалпы заңгерлік практиктер мен заңгерлердің қатысуымен үш қарқынды оқыту бағдарламасын ұйымдастырып өткіздік. «Moot Final» — АХҚО Сотының және ХАО-ның 2018 жылда білім беру бағдарламасының соңғы кезеңі. Біз 2019 жылы «Moot Court» құқықтық жарысының географиясын кеңейтуді және Қазақстан және Еуразия аймағының басқа да заң мектептерін шақыруды жоспарлап отырмыз ».

Бұл шараны АХҚО Сот және халықаралық арбитраж орталығы, Қазақстан Республикасының және Еуразия аймағындағы құқықтық тәрбиенің дамуын қолдау мақсатында жүргізеді.