Лорд Фолкс KC

Лорд Фолкс KC
АХҚО Сотының судьясы

Судья Лорд Фолкс KC 1973 жылы Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына (Миддл-темпл) қабылданды және 1996 жылы Корольдік барристер болып тағайындалды. 2000 жылы Ұлыбританияның Лордтар палатасының өмірлік жазба түзушісі болып тағайындалды және 2013-2016 жылдар аралығында Ұлыбританияның Әділет министрлігінде Мемлекеттік министр лауазымын атқарды. Ол 2000 жылы хатшы, ал 2002 жылы Миддл-темпл құрметті тұлғасы болып тағайындалды.

Оның білім саласы коммерциялық құқықты, төрелікті және кәсіби салғырттық туралы заңды қамтиды. Ол 2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін Кәсіби салғырттық мәселелері жөніндегі адвокаттар қауымдастығының төрағасы болды және 2005-2006 жылдар аралығындағы кезеңде төлем мәселелері жөнінде Ұлыбритания Конституциялық істер департаментінің арнайы кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Сертификатталған төрешілер институтының мүшесі, сондай-ақ Оксфорд университетіндегі Иисус колледжінің құрметті мүшесі.

Ол Оксфорд университетіндегі Иисус колледжінде білім алып, магистр дәрежесін алып шықты.