Сайма Ханиф КС

Сайма Ханиф КС
АХҚО сотының шағын істер судьясы

Сайма Ханиф KC — АХҚО жанындағы шағын талаптар сотының судьясы. Сонымен қатар ол Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан 3 Verulam Buildings заңгерлік кеңсесінде тәжірибелі барристер (сот адвокаты) ретінде жұмыс істейді. Судья Ханиф коммерциялық құқық саласына маманданған. Оның тәжірибесі, әсіресе, қаржылық қызметтер, банктік және қаржы даулары, санкциялық құқық және мемлекеттік органдар шешімдерін қайта қарау процестерімен байланысты. Ол халықаралық деңгейде жұмыс істеп, түрлі юрисдикциялардағы (Дубай, Гонконг, Сингапур, Мэн аралы және Гернси) сот істеріне қатысқан.

Қазіргі уақытта ол Ұлыбританияның Қаржылық бақылау басқармасы (FCA) мен Пруденциялық реттеу басқармасы (PRA) тарапынан жүргізіліп жатқан резонансты тергеулер бойынша қорғаушы ретінде қатысуда. Сайма Ханиф Lawyer’s Hot 100 беделді заңгерлер рейтингіне енген. Сонымен қатар, ол Гернси аралында аға шешім қабылдаушы ретінде тағайындалған. Бұған дейін ол Ұлыбританияның Қаржы қызметтері басқармасында, халықаралық заң фирмасында, Лондонның Қаржы нарықтарының құқық жөніндегі комитетінде және Англия банкінде жұмыс істеген.