Сэр Стивен Ричардс

Сэр Стивен Ричардс
АХҚО Сотының судьясы

Судья сэр Стивен Ричардс Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасына (Грейс-Инн) 1975 жылы қабылданды. Ол 1997 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотының судьясы болып тағайындалды. Ол 2000-2003 жылдар аралығында Уэльстің төрағалық етуші судьясы болды. 2005 жылы Англия мен Уэльстің Апелляциялық сотының лорд-судьясы болып тағайындалды. Ол 2013-2015 жылдар аралығында Басшының азаматтық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

Ол судья болғанға дейін 1992-1997 жылдар аралығында қазынашылықтың кіші кеңесшісі лауазымын атқарды, бұл «Қазынашылық ібілісі» деп аталып кеткен ерекше тағайындау болды. 1987 жылдан бастап 1991 жылға дейін Fair Trading (сол кездегі бәсекелестік мәселелері бойынша британдік қорган) Бас директорының тұрақты кеңесшісі болды. Ол бәсекелестік пен реттеу мәселелері бойынша заңнама саласындағы біліктілікке ие. Ол Оксфорд университетіндегі Әулие Иоанн колледжінің құрметті мүшесі.

Ол Оксфорд университетінің Әулие Иоанн колледжінде білім алды, онда ол 1972 жылы гуманитарлық ғылымдар саласында дәреже алды, ол сондай-ақ «Заңтану» мамандығы бойынша 1974 жылы бакалавр, 1977 жылы магистр дәрежелерін иеленді.