«IKAPITALIST LTD» ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫ қарсы (1) «ABN ALYANS» ЖШС (2) НҰРЛАН РЫСБЕКОВ (3) БАЗАРҚҰЛ АЙДАРОВ

ИШ №: AIFC-C/CFI/2024/0015
10.05.2024
Негізгі сөздер
# Арбитраждық шешім
# Тану және орындау
# Қарызды өтеу
# Ортақ (бірлескен) жауапкершілік
# Арбитраждық шығындар
Төрешілер
Лорд Фолкс KC
Түйіндеме
«iKapitalist Ltd» жеке компаниясы ХАО Арбитражының №39/2023 ісі бойынша шығарылған арбитраждық шешімді тану және орындау туралы өтінішпен АХҚО Сотына жүгінді. Іс «ABN Alyans» ЖШС-нің және екі жеке кепілгердің өтелмеген берешегіне, сондай-ақ онымен байланысты қаржылық міндеттемелерге қатысты болды. Арбитраждық шешімді зерделегеннен кейін сот өтінішті негізді деп тауып, жауапкерлерден қарыз сомасын, шарттық айыппұлдарды, заңгерлік өкілдік шығындарын және арбитрдің сыйақысына байланысты шығындарды ортақ (бірлескен) тәртіппен өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, сот арбитраждық шешімді мәжбүрлеп орындауға рұқсат беріп, жауапкерлерге орындау туралы сот бұйрығының күшін жоюды сұрап өтініш беру үшін 14 күн мерзім белгіледі. PDF файлын жүктеп алыңыз

Соттың мазмұны