ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫ

ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫ

АХҚО Соты мен Халықаралық Төрелік Орталығы жанындағы Тренинг орталығы әлемге танымал жаттықтырушылармен және мекемелермен бірлесе отырып халықаралық дауларды шешу бойынша оқытуды ұсынады Ол судьялар заңгерлер дауларды шешу саласындағы өзге де мамандар мен құқық үстемдігіне қызығушылық танытқан тұлғаларды қазіргі заманғы халықаралық инвестициялық орталықта табысты жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттарға сай біліктілік пен дағдыларға үйретеді Оқыту бағдарламасы кең ауқымды қамтиды атап айтқанда онлайн және офлайн адвокаттық шеберлік дағдылары арбитр мен медиатор шеберліктері құқық пен бизнестің өзара байланысы халықаралық коммерциялық шарттарды түсіндіру ағылшын құқығы жүйесіндегі судья біліктілігі сарапшы куәгер ретінде сөйлеу дағдылары.

Жас заңгерлерді дамыту мақсатында тағылымдама бағдарламалары мен түрлі студенттік жарыстар ұйымдастырылады. Олардың қатарында жыл сайын өтетін AIFC Court Moot, жыл сайынғы IAC Central Asia Vis Pre-Moot және жыл сайын өтетін мектеп оқушыларына арналған АХҚО Соты мен ХТО ұйымдастыратын High Schools Mediation Competition кіреді.

Алдағы тренингтер туралы хабардар болу үшін сілтемеге өтіңіз.

ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

АХҚО Соты заңгерлік қауымдастыққа жоғары сапалы білім мен оқытуды ұсынуды қолдайды. Тағылымдама бағдарламасы тәжірибелі және болашақ заңгерлерге халықаралық стандарттарға сай іс жүргізу үдерісін түсінуге бірегей мүмкіндік береді. Тағылымдамашы халықаралық дауларды шешу саласында тәжірибелік дағдыға ие болады. Тағылымдамалар икемді форматта – онлайн және офлайн түрде өткізіледі. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін, тағылымдамашыларға Ұлыбританияның Лондон қаласы мен Австралияның Аделаида қаласында филиалдары бар халықаралық «LK LLP» заңгерлік компаниясында 1 айлық қосымша тағылымдамадан өтуге өтінім беруге мүмкіндік беріледі. LK – АХҚО Соты және ХТО тағылымдама бағдарламасы жыл сайын маусым айында өтеді. АХҚО Соты сонымен қатар клерк бағдарламасын және басқа да волонтерлік мүмкіндіктерді ұсынады.

ФОРМАТЫ:

  • онлайн / офлайн

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН БІЛІКТІЛІК:

  • Университетте немесе соған тең білім беру мекемесінде оқып жатқан студент (немесе АХҚО Соты және/немесе ХТО тарапынан жасалған өзге келісімдерге, меморандумдарға немесе өзге құжаттарға сәйкес);
  • Жақсы академиялық және жеке көрсеткіштер;
  • Дауларды шешу саласына қызығушылық танытатын, ынталы студенттер;
  • Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша жоғары деңгейде сөйлей алу, сондай-ақ компьютерлік дағдылардың жоғары деңгейі.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • ағылшын тілінде жазылған түйіндеме (CV): оқу және/немесе жұмыс тәжірибесі, компьютерлік дағдылар, студенттік мәртебесі және тағылымдамаға нақты қолжетімді күндері көрсетілуі тиіс. Тағылымдаманың мәніне сай тәжірибеге ерекше назар аудару қажет;
  • ағылшын тіліндегі ілеспе хат: тағылымдама кезінде қандай дағдылар мен тәжірибе алғысы келетіні және АХҚО Соты мен ХТО-ға қандай үлес қоса алатыны жазылуы тиіс;
  • академиялық транскрипттің көшірмесі . және өздері дипломдық жұмысты бірге орындаған профессор-оқытушылар құрамының мүшесінен ағылшын тіліндегі ұсыным хат (сұраныс бойынша).

Тағылымдама бағдарламасына өтінім беру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды [email protected] электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.