КАНИЯ БИЖАНОВА қарсы «CENTER FOR SCIENTIFIC AND TECHNOLOGICAL INITIATIVES LTD.» ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫНА

ИШ №: AIFC-C/SCC/2022/0028
24.03.2023
Негізгі сөздер
# Еңбек дауы
# the AIFC Employment Regulations
# Еңбек Регламенті
# Репудиаторлық бұзушылық
# Шарт
# Шағын талаптар соты
Төрешілер
Лорд Баннер KC
Түйіндеме
Талапкер еңбек қатынастарының тоқтатылуына қарсылық білдіріп, жұмыс беруші тиісті жазбаша еңбек шартын ұсынбағанын және жалақысынан заңсыз ұстап қалулар жасағанын мәлімдеді. АХҚО-ның Шағын талаптар соты жұмыс берушінің еңбек шартын сынақ мерзімі кезінде тоқтатуға құқығы болғанын анықтады, алайда қызметкерге бір апталық ескерту мерзімі үшін төлем төлеуі тиіс деп тапты. Сондай-ақ сот жалақыдан ұсталған сомалардың заңдылығын жұмыс беруші дәлелдей алмағанын анықтап, оларды қайтаруды міндеттеді. Нәтижесінде талапкердің пайдасына 747 866,75 теңге өндірілді, ал қалған талаптар қанағаттандырусыз қалдырылды. PDF файлын жүктеп алыңыз

Соттың мазмұны